Skip to main content
2 min read

2026 ЖЫЛҒЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК NUTELLA КҮНІ: NUTELLA БҰДАН ДА КӨП КҮЛКІ СЫЙЛАУ ҮШІН ИННОВАЦИЯЛАР МЕН МӘДЕНИ ЖЕТІСТІКТЕРДІ ТАНЫСТЫРАДЫ

ferrero

Nutella бүкіл әлемдегі жанкүйерлерін позитивті тарату миссиясын жалғастыра отырып, өздерінің «Nutella стилімен» бөлісуге шақырады.

5 ақпан 2026 ж. Дүниежүзілік Nutella күнінің атап өтіле бастағанына жиырма жылға жуық уақыт өткендіктен, Қазақстандағы Nutella адамдарды жаһандық мәдени алмасуға қатысуға және Nutella-ны өздерінің ерекше стилінде қалай қолданатынымен, жақсы көретінімен және одан қалай ләззат алатынымен бөлісуге шақырады. Жыл сайын 5 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік Nutella күні түрлі мәдениеттердің, буындардың және елдердің басын біріктіріп, Nutella-ны адамдар өмірінің бір бөлшегіне айналдырған шығармашылыққа, байланысқа және дәстүрлерге – таңғы астар мен отбасылық сәттерден бастап, қаптаманы шығармашылықпен қайта қолдануға, өнер мен мәдениетке назар аударады.

Қазақстанда Nutella адамдардың өміріне таңғы ас рәсімдері, жергілікті рецепттер мен отбасылық әдет-ғұрыптар арқылы енген, соның арқасында бұл жаһандық мереке біздің өңір үшін өте жақын әрі маңызды болып қабылданады.

2026 жылғы жаңалықтары

Assouline ұсынған жаңа Nutella кітабы – бұл жаңа басылым аңызға айналған пастаның барлық қырларын алты тарау арқылы зерттейді: Тарих, Сапа, Нан және таңғы ас, Әмбебаптық, Nutella әлемі және Иконикалық мәртебе. Бұл ерекше сыйлық басылымы (coffee table book) – Nutella-ның мәдени символ ретіндегі мұрасына құрмет, ол ұрпақтар мен шекараларды біріктіріп, сағыныш сезімін сыйлайтын «бір қасық» позитив.

Ferrero-дағы Nutella-ның жаһандық президенті Томас Шатениер былай деп атап өтті: «Дүниежүзілік Nutella күні – біздің брендіміздің мызғымас күшінің және жанкүйерлеріміздің ерекше ынтасының айқын дәлелі. Олар Nutella-ны миллиондаған адамдардың дастарханында ғана емес, сонымен қатар кітаптар мен көрмелерде дәріптелетін мәдени икона деңгейіне көтерді».

Мерекеге қосылыңыз 

Біз жанкүйерлерді әлеуметтік желілерде өздерінің «Nutella стилімен» бөлісу арқылы –рецепт, рәсім, естелік немесе шығармашылық сәт болсын – Дүниежүзілік Nutella күнін атап өтуге шақырамыз. Ол үшін мына хэштегтерді қолданыңыз: #Nutella #WorldNutellaDay #SpreadANutellaSmile.

Дүниежүзілік Nutella® күнінің ресми әлеуметтік желілеріндегі мерекені бақылап отырыңыз және мерекелеуді жаңа деңгейге көтеру туралы шабыттандыратын контентті табу үшін www.nutella.com сайтына кіріңіз.

placeholder

История Ferrero началась в 1946 году в маленьком городке Альба в Пьемонте (Италия). Ferrero является одной из крупнейших компаний по производству сладких упакованных продуктов, в ассортимент которой входит более 35 всемирно известных брендов, представленных более чем в 170 странах. Группа Ferrero радует потребителей по всему миру своими уникальными продуктами, такими как Nutella®, Kinder®, Tic Tac® и Ferrero Rocher®. Более 47 тысяч сотрудников создают высококачественные продукты Ferrero, которые сделают ваши особые моменты незабываемыми. Семейная культура Ferrero, уже в третьем поколении, основана на стремлении к качеству и совершенству, сохранении традиций и заботе о планете и сообществах, в которых мы работаем.