ОТБАСЫ ХИКАЯСЫ
Италияның Альба қаласындағы шағын кондитерлік дүкеннен халықаралық компанияға дейін біз дүниежүзі бойынша сүйікті әлемдік брендтері бар отбасылық кәсіпорын екенімізді мақтан тұтамыз. Бұл мұраны үш ұрпақтан астам уақыт бойы өз ісіне құмар сарапшылар қамтамасыз етіп келеді.
FERRERO ХИКАЯСЫ
Италиялық тамыры бар бақытты болашақ
Ferrero Group тарихы, ең алдымен, Пьемонттағы бірлігі жарасқан отбасы мен үш ұрпақтың табысты жұмысының тарихы. 1946 жылы ағайынды Пьетро мен Джованни Ферреро шағын отбасылық кондитерлік дүкенде жұмыс істей бастады және кейіннен Ferrero-ның қолтаңбасы болатын өнімдер жасай бастады.
Жаңашыл, әрі жасампаз Пьетро отбасының қозғаушы күші болды және бұл оның ұлы Микеле Феррероға кейінірек біз білетін Ferrero компаниясының негізін қалауға іргетас болды. Пьетро эксперименттерге деген сүйіспеншілігімен танымал болды, сондықтан достары оны «ғалым» деп атады. Ол Альбадағы кондитерлік дүкенінің келушілерін таң қалдыру және қуанту үшін үнемі жаңа дәмдер мен текстураларды әзірлеумен айналысты.
Оның ағасы Джованни коммерциялық дағдыларға ие болды, бұл оған ұлттық сату желісін құруға көмектесті. Оның көмегімен Микеле өзінің жаңа өнімдерін бүкіл Италияда сынап, таныстыра алды.
Қазіргі таңда Ferrero Group оралған тәттілер шығаратын ең ірі компаниялардың бірі болып табылады. Ferrero ассортиментінде әлемнің 170-тен астам елінде ұсынылған Kinder®, Nutella®, Ferrero Rocher® және Tic Tac® сияқты 35-тен астам халықаралық танымал брендтер бар.
Шағын отбасылық бизнестен халықаралық компанияға дейін
Ferrero отбасы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кондитерлік салада шет елде зауыттар мен кеңселер ашқан алғашқы италиялық өндіруші, сөйтіп ол компанияны нағыз халықаралық ойыншыға айналдырды.
Оның халықаралық кеңеюі 1956 жылдың басында Германияда ірі зауыт ашқаннан басталды. Қысқа уақыт өте Ferrero екінші халықаралық зауыты Францияда ашылды, содан бастап ол жылдам өсе бастады. Нәтижесінде, Ferrero қазіргі таңда Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Африкада, Австралияда және Оңтүстік-Шығыс Азияда жұмыс жасап жатыр.
Үшінші ұрпақ буыны басқарып келе жатқан, әлі де отбасылық компания болып табылатын Ferrero өз мұрасына, тәжірибесіне және даңқты тәттілеріне сүйене отырып, жаңа өнімдерді шығарып, әрі Thorntons, Fannie May, Butterfinger, Eat Natural және балмұздақ өндірушісі Wells Enterprises сияқты брендтерді отбасына қосып, өз дамуын жалғастыруда.
«Дәстүр дегеніміз садақ іспеттес. Садақ жібін неұқрлым қатты тартқан сайын, ол соғұрлым алысқа ұшады, бұл көзқарастың кеңдігін, дамуы мен инновациясын білдіреді» – Джованни Ферреро, 2018
«Дәстүр дегеніміз садақ іспеттес. Садақ жібін қатты тартқан сайын, заманауилық пен инновация жебесін алысқа ұшыра аламыз.» – Джованни Ферреро, 2018.
Италияның Пьемонт аймағындағы көркем қала
2017 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Альба қаласын шығармашылық гастрономия орталығы деп атады. Ол бүкіл әлемге өзінің орман жаңғақтарымен, шарабымен және дәстүрлі ақ трюфелімен танымал. Сондай-ақ, Creative Gastronomy Award Альба қаласын азық-түлік сапасын, қоршаған ортаны қорғау және өндірушілер мен тұтынушылар үшін әділ бағаны насихаттайтын Slow Food қозғалысының бастауы және орталығы ретінде таныды.
Джованни Ферреро: «Nutella туралы айтарым бар: бұл менің отбасымның хикаясы»
«Мұның бәрі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Шоколадтың қымбат болғаны соншалық – ешкімнің қалтасы көтермеді, ең болмағаны Италияда. Бізде Альба қаласының жергілікті қауымдастығында пайда болған шоколад рецепті болды, өйткені орман жаңғағы бұл жерде молшылықта болды. Біз «құрамында какао аз, ал орман жаңғақтарының жоғары құнарлы қасиеті бар жаңа рецептіні қалай жасаймыз?» деп ойландық. Менің атам осындай рецепт жасауға құмар болды. Ақырында, ол қарапайым Super Crema деп аталатын рецепт ойлап шығарды.
Кәсіпкерлік қанында бар бұл отбасында бір қызығы, 20 жыл өткен соң, оның ұлы, яғни менің әкем келіп былай деді: «біз бұны ары қарай жетілдіре аламыз; жаңа технологиялар бар, яғни осы жеңімпаз рецептіні біріктірудің жаңа жолдары бар». Осылайша, дәл мен дүниеге келген 1964 жылы Nutella-ны шығарды. Сонымен, менің отбасымдағы кіші інім – Nutella!»
FERRERO GROUP ИЕЛЕНГЕН КОМПАНИЯЛАР
ИДЕЯЛАРДАН МӘДЕНИ МҰРАҒА АЙНАЛУ
1964
Nutella® дүниеге келді
1968
Нарыққа Kinder® Chocolate шоколады шығарылды
1969
Осы санаттың жарқын жұлдызы Tic Tac® жарыққа шықты
1974
Kinder отбасы ұлғая түсті: Kinder® Surprise дүниеге келді
1982
Ferrero Rocher® шығарылды
Біздің брендтер
Барлық сүйікті Ferrero брендтерін бір жерден тауып, жақын адамдарыңызбен жарқын қуаныштарыңызбен бөлісіңіз. Біз өз өнімдерімізді қамқорлықпен және сүйіспеншілікпен жасаймыз, тұтынушылар сүйіспеншілікпен еске алу үшін есте қаларлық оқиғаларды атап өтуге ат салысамыз.
ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ