Орман жаңғағы
Ferrero барлығына құндылық беретін, орман жаңғағын тұрақты даму қағидаларына сай жеткізу тізбегімен қамтамасыз етуді айнымай ұстанады.
ӨНІМДЕРІМІЗДЕГІ ФИРМАЛЫҚ ИНГРЕДИЕНТ
Орман жаңғақтары көптеген Ferrero өнімдерінің бірегей дәмін сипаттайды.
Орман жаңғақтарын Жерорта климатында өсетін орманжаңғақ ағаштарынан алады. Бұл жеміспен байланысты болған тәжірибеміз бен дәстүріміз 1946 жылы Ferrero негізі қаланған Пьемонттың Альба мен Ланге аймағындағы тамырымыздан басталады.
Біздің география
Ferrero өнімдерінде қолданылатын орман жаңғағы бізге әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Жыл бойы жоғары сапалы және жаңа піскен орман жаңғағын жеткізу бойынша міндеттемелеріміздің бір бөлігі ретінде біз Солтүстік және Оңтүстік жартышарда орман жаңғағын өсірумен айналысамыз. Негізгі өндірушілер - Түркия, Италия, Чили және АҚШ.
Біздің тұрақты даму стратегиямыз: Ferrero орман жаңғағы жарғысы
Ferrero орман жаңғағы жарғысында жауапты және тұрақты орман жаңғағы жеткізу тізбегін құру бойынша біздің қызметіміздің үш негізгі бағыты анықталған:
1. Фермерлерді қолдауға, балаларды қорғауды қамтамасыз етуге және еңбек құқықтарына құрмет көрсетуге айрықша назар аудара отырып, адам құқықтары мен әлеуметтік тәжірибелер
2. Тиімді ауылшарушалылық әдістерін және биоалуантүрлілікті көтермелеу арқылы қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға үлес қосу
3. Жеткізушінің ашықтығы – біздің орман жаңғағы бойынша іс-қимыл жоспарын іске асыру туралы есебіміз жыл сайын осы міндеттемелерді орындаудағы жетістіктеріміз туралы хабарлайды.
Адамдар біздің жеткізу тізбегіміздің назарында
Ferrero барлығына құндылық беретін және фермерлер мен олардың қауымдастықтарының өркендеуін, сондай-ақ жұмысшылар мен балалардың құқықтарын сөзсіз сақтауды қамтамасыз ететін жауапты орман жаңғақтарын жеткізу тізбегін қамтамасыз етуге міндеттемесін растайды.
Түркиядағы орман жаңғақтарын жеткізу тізбегінде еңбек жағдайлары мен балалар еңбегін пайдалану қаупіне байланысты күрделі жүйелі мәселелер бар.
Біздің мамандандырылған Ferrero Farming Values (FFV) командасы Түркиядағы жергілікті жерлерде жұмыс істейді, олар хабардарлықты арттыру және әлеуметтік тәжірибені жақсарту үшін фермерлер қауымдастығымен өзара әрекеттеседі. Біздің FFV бағдарламамыздың бір бөлігі ретінде біз мигрант жұмысшылардың балаларына білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз етеміз және фермерлер мен отбасылардың балалар құқықтары мен білім берудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттырамыз. Біз сондай-ақ орман жаңғақтарын жинау аудандарында білім алуға және бала күтіміне қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында Халықаралық еңбек ұйымын қоса алғанда, сенімді үшінші тараптармен ынтымақтасамыз.
Ауылшаруашылық саласы бойынша білімді жетілдіру және бөлісу
Чили, Аргентина, Грузия, Австралия және Сербияда біз орман жаңғақтарын өсіретін «агрофермаларды» салдық. Осы фермалардың көмегімен Ferrero жаңа аймақтарда орман жаңғақтарын өсіруді түсінуге көмектесіп, ауылшарушылығына қатысты және әлеуметтік тиімді әдістерді орман жаңғақтарын өсіруші фермерлермен әзірлеп, бөлісу арқылы тұрақты дамуға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің Чили, Сербия және Австралиядағы ауылшаруашылық фермаларымыз тұрақты өсіру стандартына сәйкес сертификатталған және біз барлық ауылшаруашылық фермаларымызға осындай сертификат алуға тырысамыз.
Біз орман жаңғағы сапасы мен өнімділігін арттыру, сондай-ақ су ресурстарын пайдалануды оңтайландыру әдістерін қоса алғанда, тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету мақсатында жетекші университеттермен және халықаралық сарапшылармен ынтымақтасамыз. Сондай-ақ, біздің күш-жігеріміздің негізгі бағыты орман жаңғағын өсірудің тұрақты әдістерінің артықшылықтарын көрсету болатынын атап өтеміз.
Біздің орман жаңғақтарын дайындау үрдісінің жариялылығы мен қадағалануы
Біз орман жаңғақтарын жеткізу тізбегінде толық бақылауға қол жеткізуге тырысамыз. Ол үшін біз жеткізу тізбегін картаға түсіру және цифрлық ашықтықты қамтамасыз ету шешімдерінің жетекші жеткізушісі Sourcemap компаниясымен серіктестікке отырдық. Біз бірге орман жаңғақтарының фермадан зауытқа дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін жаһандық платформаны әзірледік.
Отандық тәжірибе
Ferrero Hazelnut Company - бұл сапаны, тұрақтылықты және инновацияны қамтамасыз ету мақсатында орман жаңғақтарының өндірісімен байланысты барлық салаларда жұмыс істейтін 3000-нан астам адамнан тұратын Ferrero мамандандырылған бөлімшесі. Ferrero Hazelnut Company туралы толығырақ келесі сілтемеден жерден оқыңыз.

"Біз Ferrero орман жаңғағы құндылық тізбегінің қадағалануын арттыруға, ашықтықты жақсартуға, әлеуметтік стандарттарды сақтауға және орман жаңғағының қатаң сапа талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге үлес қосқанымызға қуаныштымыз".
Леонардо Бонанни, Sourcemap негізін қалаушы және бас директоры.
Феррероның фермерлік құндылықтары (FFV)
Жүктелетін есептеріміздің арқылы хабардар болыңыз
Біздің халықаралық веб-сайттағы құжаттар мұрағатын пайдаланыңыз
ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ