Skip to main content

Ferrero құпиялығы туралы хабарлама

Біз Ferrero-да сізге біздің ресурстарды қарау үшін ең керемет мүмкіндіктерді бергіміз келеді және құпиялық құқығыңызды сақтауға ұмтыламыз. Осы міндеттемеге сәйкес біз осы хабарламаны («Хабарлама») жарияладық және оны жүйелі түрде жаңартып тұрамыз, онда біз сіздер осы веб-сайтты («Веб-сайт») қарап отырғанда сіздердің жеке деректеріңізді қалай жинап, өңдейтініміз туралы түсіндіреміз .

Осы Хабарлама сіздердің жеке деректеріңізді өңдейтін келесі жағдайлар үшін жарамды:

  • Егер сіз осы Веб-сайттың беттерін қарап, жылжып отырсаңыз (Қарау туралы деректер);
  • Егер сіз біздің корпоративтік жіберілімне (Жіберілімге арналған деректер) жазылсаңыз; немесе
  • Егер сіз Ferrero ұйымдастырған осы веб-сайттағы конкурсқа немесе жарнамалық іс-шараға (Іс-шараға арналған деректер) қатысып жатсаңыз.

Бұл Хабарлама Ferrero компаниясы тұтынушының қамын ойлау немесе қызметкерді жұмысқа алу сияқты басқа қызмет жағдайында дербес деректерді жинап, өңдеу үшін қолданылмайды. Осындай басқа қызмет түрлері туралы ақпарат алу үшін, осы Хабарламаның соңында көрсетілген басқа сілтемелерді тексеріңіз (8. Жалпы ақпарат).

  1. Біз кімбіз және бізге қалай хабарласуға болады?

Ferrero компаниясының жаһандық штаб-пәтерінің мекенжайы: 16 Route de Trêves, L-2633 Senningerberg, Люксембург (бұдан әрі «Ferrero» немесе «біз»). Дербес деректерді осы Веб-сайт арқылы жинау және өңдеу кезінде Ferrero деректер бақылаушысы қызметін атқаратын болады.

Егер сізде өз дербес дерегіңіздің өңделуіне қатысты қандайда бір сұрақтар болса, біздің деректерді қорғау жөніндегі маманымызға хабарласыңыз ол үшін мына мекенжайға электрондық хат жолдаңыз privacy.kz@ferrero.com.

  1. Қандай дербес деректерді, қандай мақсатта және қандай құқықтық негізге сүйеніп жинаймыз?

Бұл Веб-сайт Ferrero үшін – әлеммен байланыс орнату құралы, соның ішінде сізбен сөйлесуге мүмкіндік береді. Осы кезде біз толықтай төменде сипатталғандай әртүрлі құқықтық негізге сүйене отырып, әртүрлі мақсаттар үшін сізден кейбір дербес деректерді жинауымыз мүмкін.

Сіз осы Веб-сайтты қарап отырған кезде

Бұл Веб-сайтты басқару компьютерлік жүйелер мен бағдарламалық құралдарды пайдалануды көздейді, олар күнделікті жұмыс шеңберінде Веб-сайт қолданушылары туралы ақпарат жинайды, бұл – Интернеттегі стандартты практика.

Сіз мына Веб-сайтқа кіріп, оның ішінде әрі-бері жылжығанда, құрылғыңыздан автоматты түрде орналасқан жер (ел), құрылғы типі (мысалы, компьютер не смартфон) сияқты Қарау туралы деректер және қосу әрі навигациялауға қажетті техникалық ақпарат (IP-мекенжай, домен атауы, біріздендірілген ресурс сәйкестендіргіші және т.б.) жинақталады. Бұл ақпарат басқаларымен бірге, құрылғыңызға «функционалдық» cookie файлдарын орнату арқылы алынады.

Бұл деректерді жинау мақсаты – сізге осы Веб-сайтты қарау бойынша сәйкес тәжірибе ұсыну (соның ішінде осы Веб-сайттың сыртқы түрін, мазмұнын және тілін сіздің құрылғыңыз бен аймағыңызға байланысты баптау арқылы). Сонымен бірге Ferrero Веб-сайтта алаяқтықты және теріс пайдалану әрекеттерін анықтау, тану және алдын алу үшін осы деректерді жинап өңдейді. Осы дербес деректерді өңдеу үшін құқықтық негіз  – біріншіден, осы Веб-сайтқа байланысты қызметтер көрсету, екіншіден, Ferrero компаниясының Веб-сайт тұтастығын әкімшілендіру және қорғау бойынша заңды мүддесі.

Егер таза функционалдық cookie файлдарынан өзгешеленетін басқа cookie файлдарын пайдалануға келісім берсеңіз, онда біз бетті қарап отырған кездегі әрекеттеріңізге қатысты қосымша деректерді (мысалы, Веб-сайтта өткізген уақыты, кірген беттері және т.б.) жинай аламыз – осы тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат алу үшін біздің Cookie файлдарын пайдалану саясатымызбен танысып шығыңыз.

Сіз біздің жіберілімдерге жазылған кезіңізде

Біздің жаңалығымыз туралы білгіңіз келсе, корпоративтік жіберілімге жазылсаңыз болады. Бұл Ferrero корпоративтік баспасөз қызметі ұсынатын және баспасөз-релиздермен, сондай-ақ соңғы жаңалықтармен және біздің қызмет, бренд және өнімдер туралы оқиғалармен алмасуға арналған қызмет.

Егер сіз біздің жаңалықтар жіберіліміне жазыламын деп шешсеңіз, біз сіздің электрондық поштаңызды, есіміңіз бен тегіңізді, тұрған жеріңізді және, қажет кезде компанияңызды, сондай-ақ біздің баспасөз-қызметіміз байланысатын баспасөз өкілісіз я өкілі емес екеніңіз туралы ақпаратты жинаймыз (сіздің Жіберілімге арналған деректер). Сіздің жіберілімге арналған деректеріңізді өңдеу мақсаты – сізге біздің қызмет туралы ақпарат беру және Ferrero өнімдері мен қызметтерін таныстыру. Сіздің келісіміңіз Жіберілімге арналған деректеріңізді өңдеуге құқықтық негіз болады. Бұл келісімді кез келген уақытта кері қайтарып ала аласыз, ол үшін сізге жіберілетін кез келген ақпараттық хатымыздың астында болатын «жазылудан бас тарту» түймесін басу керек.

Сіз конкурсқа немесе басқа жарнамалық іс-шараға қатысқан кезде

Егер сіз біздің осы Веб-сайт арқылы ұйымдастырылған конкурсымыздың немесе жарнамалық іс-шарамыздың біріне қатысқыңыз келсе, біз сізден есіміңіз, электрондық поштаңыздың мекенжайы сияқты дербес деректерді (сіздің Іс-шараларға арналған деректеріңіз) алуымыз қажет болады. Тіркеліп, қатысуыңыз үшін сәйкес іс-шараға байланысты басқа да ақпараттар қажет болуы мүмкін. Осы іс-шараларға қатысу үшін сізден талап етілетін кез келген ақпарат тіркелу кезінде көрсетілетін болады.

Осылай өңдеудің мақсаты  – бізің брендімізді, өнімдерімізді немесе қызметімізді таныстыру. Сіздің келісіміңіз Іс-шараға арналған деректеріңізді өңдеуге құқықтық негіз болады. Сіз кез келген уақытта бізге хабарласып, бұл келісімнен бас тарта аласыз (1. Біз кімбіз және бізге қалай хабарласуға болады? ). Жарнамалық іс-шара жағдайында бізге осы іс-шара шарттарына сәйкес кейбір келісімшарттық міндеттемелерді орындау қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда сәйкес шартты орындау сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге құқықтық негіз болады (мысалы, сіз конкурсқа қатыссаңыз және жеңімпаздардың бірі атансаңыз, біз сізге жүлдені жіберуіміз үшін, сіздің мекенжайыңызды анықтаймыз).

Мына нәрсеге назар аударыңыз, Қарау турлы деректер, Жіберілімге арналған деректер немесе Іс-шараға арналған деректер Веб-сайт жұмысы үшін және біз қажетті қызметтерімізді көрсете алуымыз үшін міндетті болады. Бұл деректерді көрсетпеу сізге осы веб-сайтты қарауға немесе осы қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бермейді (мысалы, сіз электрондық пошта мекенжайыңызды көрсетпесеңіз біз сізге ақпараттық бюллетенімізді жібере алмаймыз). Жіберілімге арналған деректер немесе Іс-шараға арналған деректер бойынша міндетті түрде көрсетілетін деректер алғашқы тіркелу кезінде көрсетілетін болады. Бұл кезде бізбен көрсетілген шарттарға сәйкес ынтымақтасуды қалайтыныңыз не қаламайтыныңыз жөнінде шешімді өзіңіз қабылдайсыз.

  1. Сіздің дербес деректеріңізді қаншалықты ұзақ уақыт бойы сақтаймыз?

Сіздің дербес деректеріңіз жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті уақыттан артық сақталмайды. Көбінесе келесідей сақтау мерзімдері қолданылады:

  • Қарау туралы деректер: Сіз соңғы рет кіргеннен кейін 3 ай. 
  • Жіберілімге арналған деректер: жіберілімдерді алу үшін жазылымнан бас тартқан соң ең көбі 1 ай (келісімнен бас тарту). 
  • Іс-шараға арналған деректер Жарнамалық іс-шара аяқталған соң 6 айда, бұл жерде тексеру іс-шараларын немесе нарыққа зерттеу жүргізуге, Ferrero мүддесін іс-шара өткізу нәтижесінде туындайтын кез келген жауапкершілікке қатысты қорғауға арналған мерзім ескеріледі. Бұл сақтау мерзімі іс-шараға қоса берілген құпиялық туралы бөлек кез келген хабарламада көрсетілгендей өзгертілуі мүмкін.

Осы кезең аяқталған соң сіздің дербес деректеріңіз жойылады, бұған тек бізде оларды ұзақ уақыт бойы сақтау бойынша заңды міндеттемеміз болған (мысалы, салық заңнамасы талаптарын сақтау үшін) немесе проблема туындап, бізде оларды өз мүддемізді қорғау үшін ұзағырақ уақыт бойы, соның ішінде кез келген сот талаптарын қою, жүзеге асыру немесе сақтау үшін (мысалы, алаяқтық немесе Веб-сайтты дұрыс пайдаланбау жағдайында) сақтауға заңды мүддеміз болған жағдайлар кірмейді.

  1. Сіздің дербес деректеріңізді біз кімдерге береміз?

Ferrero сіздің дербес деректеріңізді құпия сақтауды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Ferrero әдепкіше сіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермейді. Оған қоса, біздің барлық қызметкерлер құпиялық талаптарын сақтауға міндетті.

Алайда кейбір жағдайларда сіздің дербес деректеріңізді жоғарыда аталған мақсаттардың біріне жету үшін қатысуы қажет саны шектеулі («Алушылар») тұлғаларға беруіміз қажет болуы мүмкін.

Негізінде, сіздің дербес деректеріңіз мынадай Алушыларға берілуі мүмкін:

  • Сізге нақты бір елге арналған контентті ұсыну үшін, іс-шараны ұйымдастыру немесе ішкі әкімшілік мақсаттар үшін Ferrero тобындағы басқа компанияларға.
  • Веб-сайтпен байланысты қызметке қатысатын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, веб-хостинг, жіберілімдер тізімдерін басқару, конкурстарды басқару және т.б.) сыртқы АТ немесе маркетингілік агенттіктер сияқты тиісті жолмен тағайындалған қызмет көрсетушілерге және іскери серіктестерге.
  • Мемлекеттік органдарға, уәкілетті мекемелерге қолданыстағы заңнама немесе осы мекемелердің, билік және басқару органдарының міндетті өкімдеріне сәйкес. Сонымен бірге біз сіздің Дербес деректеріңізді сіздің қауіпсіздігіңізді немесе басқа адамдардың қауіпсіздігін қорғау, алаяқтық жағдайларын тергеу немесе билік не басқару органдарының сауалдарына жауап беру үшін жариялау қажет деп санаған кезде жариялауымыз мүмкін.
  • Төтенше корпоративтік мәмілелер жасасу, аудит жүргізу немесе сот талабын дайындау үшін немесе сот арқылы қорғау үшін басқа компанияға, заң кеңесшісіне немесе аудиторға.

Мүмкін немесе дұрыс болған кезде сіздің дербес деректеріңіз сыртқы алушыларға берілмейді немесе сіздің құпиялығыңызды әрі қарай қорғау үшін дербес деректеріңіз жасырылғаннан немесе оларға лақап ат берілгеннен кейін ғана берілетін болады.

Сіздің дербес деректеріңізді Алушылар туралы бізге [privacy.kz@ferrero.com] мекенжайы бойынша хабарласып қосымша біле аласыз.

 

  1. Сіздің дербес деректеріңізді басқа елге береміз бе?

Әдетте, сіздің дербес деректеріңіз тек Еуропалық экономикалық аймақта ғана өңделеді. Алайда, кейбір деректерді алуға тиіс жоғарыда аталған Алушылардың бірі басқа құзыреттің қарауында болуы мүмкін (мысалы, Ferrero тобының сіз қатысатын жарнамалық іс-шараны ұйымдастыратын басқа компаниясы, веб-хостинг қызметінің көрсетушісі шет елде тұрады және т.б.). Бұл жағдайда Ferrero сіздің дербес деректеріңізді құпиялық және деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңға сәйкес және рұқсат етілген жағдайда ғана береді.

Көбінесе, сіз Еуропалық экономикалық аймақта (ЕЭА) тұрып, ал сіздің дербес деректеріңізді Алушылардың бірі ЕЭА аумағынан тыс жерде, яғни, деректерді қорғайтын тиісті деңгейді қамтамасыз ете алмайтын елде болса, Ferrero тиісті беру құралдарын қолдауға және сіздің дербес деректеріңізді баламалы қорғау деңгейін қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қабылдауға міндеттенеді. Сіз тиісті деректерді беру құралдары туралы ақпаратты (мұндай бар болған жағдайда), бізге [privacy.kz@ferrero.com] мекенжайына хабарласу арқылы біле аласыз.

  1. Біз балалардың дербес деректерін өңдейміз бе?

Интернетте балалардың құпиялығын қорғайтын заңды сақтау үшін, Ferrero саналы түрде 16 жасқа толмаған балалардың қандай да бір дербес деректерін жинамайды. Ferrero балалардың құпиялығын қатаң сақтайды. Осылайша, біз ата-ананың немесе қамқоршының Веб-сайтты қарауды немесе Ferrero ұсынатын қызметтерге рұқсат алуды жоспарлаған 16 жасқа толмаған балаларға бағыт-бағдар беріп көмектесуіне кеңес береміз. 16 жасқа толмаған балалар веб-сайтты және Ferrero қызметтерін қолданбағаны жөн. Егер Ferrero компанияның білместікпен 16 жасқа толмаған баланың дербес деректерін жинап алғанын білсе, Ferrero дереу арада мұндай ақпаратты жойып тастайды.

  1. Сіздің дербес деректеріңізді қорғау құқықтарыңыз қандай?

Сізде дербес деректеріңіздің өңделуіне қатысты бірқатар құқық бар:

  • Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу жөнінде қосымша ақпарат немесе түсіндірме алу, сондай-ақ сіздің дербес деректеріңіздің көшірмесін алу құқығыңыз;
  • Дербес деректеріңіз нақты немесе толық болмаған кезде оларды түзету құқығыңыз;
  • Деректерді өңдеу біздің заңды мүддемізге негізделген болса, өзіңіздің нақты жағдайыңызға байланысты негіздерде дербес деректеріңіздің өңделуіне қарсылық білдіру құқығыңыз (мысалы, сыртқы коммуникациялардың мақсаттары үшін өңдеу);
  • Сіздің дербес деректеріңізге қатысты басқа сұраудың негізді екенін бағалап жатқанда өңдеуді шектеу құқығыңыз (яғни өңдеуді уақытша тоқтату);
  • Деректерді көшіру құқығыңыз (яғни, өз дербес деректеріңізді кеңінен қолданылатын машина арқылы оқуға болатын форматта алып, оларды басқа контролерге беру құқығыңыз);
  • Сіздің жеке бас деректеріңізді жоюды талап ету құқығыңыз («ұмыту құқығыңыз»);
  • Дербес деректеріңіз сіздің келісіміңіздің негізінде жиналған немесе өңделген кезде кез келген уақытта өз келісіміңізді қайтарып алу құқығыңыз (мысалы, кез келген уақытта біздің жаңалықтар жіберіліміне жазылудан бас тарта аласыз).

Сіз осы құқықтарды кез келген уақытта бізге жазбаша түрде [privacy.kz@ferrero.com] мекенжайымызға хабарласып, қолдана аласыз. Біз сіздің сұрауларыңызды талдап, қысқа уақыт ішінде жауап береміз.

Егер сіз Ferrero компаниясы сауалыңызды тиісінше қарамады немесе деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңды бұзды деп есептесеңіз, Ferrero үшін жетекші қадағалаушы орган ретінде қызмет ететін Люксембургтің деректерді қорғау жөніндегі органға (Деректерді қорғау жөніндегі ұлттық комиссияға) немесе деректерді қорғау жөніндегі ұлттық не жергілікті органға шағым түсіре аласыз.

  1. Жалпы ақпарат

Осы Хабарлама соңғы рет 2023 жылдың қараша айында жаңартылды.

Біз уақыт өте келе осы Хабарламаға өзгертулер енгізу құқығын сақтап қаламыз және сізді соңғы өзгертулерден хабардар болу үшін осы бетке тұрақты түрде кіріп тұруға шақырамыз.

Веб-сайтымызға қауіпсіз кіріп, жағымды жаңалықтарды қарап шығыңыз!

Ферреро өзінің саяхатын 1946 жылы Италияның Пьемонт қаласындағы Альба шағын қаласында бастады. Бүгінде бұл 170-тен астам елде сатылатын 35-тен астам танымал брендтері бар әлемдегі ең ірі тәтті оралған азық-түлік компанияларының бірі. Ferrero компаниялар тобы Nutella®, Kinder®, Tic Tac® және Ferrero Rocher®сияқты сүйікті тағамдар мен тағамдар арқылы бүкіл әлемдегі адамдарға қуаныш сыйлайды. Collaborators компаниясының 47 000-нан астам қызметкері адамдарға өмірдің ерекше сәттерін атап өтуге көмектесуге құмар. Ferrero Group отбасылық мәдениеті, қазірдің өзінде үшінші ұрпақ, біз жұмыс істейтін планета мен қауымдастықтарға сапа мен кемелдікке, мұраға және адалдыққа ұмтылуға негізделген.