Қаптау
Біз өз өнімдеріміз үшін экологиялық және циклдік шешімдерді таба отырып, қаптамамызды жақсарту үшін басқа компаниялармен серіктестікте жұмыс істейміз.
БІЗДІҢ МІНДЕТТЕМЕ
Қаптама қалдықтары - тамақ және сусындар индустриясы тап болған ең үлкен мәселелердің бірі. Ferrero компаниясында ешқандай қаптама қоқысқа айналмауы керектігіне сенеміз және осы мәселені шешуде келесі міндеттемелерді қабылдадық:
1. қаптаманы 100% қайта өңделетін, қолданылатын немесе биоыдырайтын қылып шығару
2. бастапқы пластиктің қолданылуын 2020 жылғы базалық деңгеймен салыстырғанда 10% азайту
3. пластикалық қаптамының құрамындағы қайта өнделетін шикізатты 12%-ға өсіру
Біз қаптама шикізаттары мен тәсілдерді егжей-тегжейлі саралай келе, алға қойған міндеттерімізді орындау үшін нақты іс-қимыл жоспарын жасадық.
Біздің жетістіктер
Біздің өршіл мақсат және бүгінгі таңда қаптау саласындағы ең маңызды міндет – қоршаған ортаға басқа да елеулі әсерлерді есепке ала отырып, үрдісіміздің кезеңділігін арттыру. Біздің қаптаманың жалпы 88,5% қайта өңдеуге жарамды және Біз қаптамада жаңартылатын материалдардың 40,2% пайдаланамыз. Осыған қоса, біз бастапқы пластикті пайдалануды 10%-ға азайту (2020 жылғы базалық деңгеймен салыстырғанда) және пластикалық қаптамада қайта өңделген шикізатты пайдалануды 12%-ға дейін арттыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Қаптаманың кезеңділік алшақтықтарын жою
Біздің қаптамаларымыздың ешқайсысы қалдықтарға айналмау мақсатын басшылыққа ала отырып, біз келесі салалардағы құн тізбегі бойынша серіктестермен ынтымақтастықта боламыз:
1.қайта өңделген материалдардан жасалған жаңа шешімдердің нарықта қолжетімділігін қамтамасыз ету
2.тұтынушыларға қалдықтарды қалай жою керектігі туралы ақпарат пен нақты нұсқаулар беру
3.қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің қолданыстағы технологияларын жаңғырту бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына инвестициялау
Біз Эллен Макартур қорымен, Тұтыну тауарлары форумымен, Circular Plastics Alliance Альянсымен, Пластмассаны қайта өңдеушілер қауымдастығымен, CEFLEX, RecyClass, 4evergreen, Еуропалық брендтер қауымдастығымен, Икемді қаптау бастамасымен, Holy Grail 2.0 жобасымен, Perfect Sorting консорциумымен және Қайта өңдеу серіктестігімен ынтымақтастық құрдық.
БІЗДІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ МІНДЕТТЕМЕМІЗ
Қаптама тұтынушылар үшін өнімдерді қорғау және сақтауда ең маңызды рөл атқарады.
ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ