БІЗДІҢ "KINDER JOY OF MOVING" БАҒДАРЛАМАСЫ
Kinder Joy of moving – бұл белсенді өмір салтын насихаттау арқылы балалар мен олардың ата-аналарының өміріне қозғалыс қуанышын әкелетін Ferrero Group тобының әлеуметтік жауапкершілік жобасы.
ӘР БАЛАНЫҢ ӨМІРІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС ҚУАНЫШЫ
Kinder Joy of moving бағдарламасы - бұл Ferrero Group тобының әлеуметтік жауапкершілік жобасы, ол балалар арасында көңілді және белсенді өмір салтын насихаттайды. Kinder Joy of moving жобасының бастамалары ойын және қозғалыс арқылы дамуға ықпал ететін инновациялық, ғылыми тұрғыдан танылған "Қозғалыс қуанышы" (Joy of moving) оқыту әдісінен шыққан.
Бағдарлама аясында біз мектептерде және одан тыс жерлерде спортшылармен және бұрынғы чемпиондармен бірге балаларды одан әрі шабыттандыру үшін дене шынықтыру бастамаларын, спорттық іс-шараларды, студенттер чемпионаттарын және спорттық лагерьлерді ұйымдастырамыз. Сондай-ақ, белсенді өмір салтының артықшылықтарына бағытталған ғылыми жобаларды қолдаймыз.
Жоба 2005 жылы іске қосылғаннан бері Kinder Joy of Moving өз бағдарламаларын үнемі жетілдіру және кеңейту мақсатында өсуін жалғастыруда. Өткен жылы Kinder Joy of moving жобасы әлемнің 33 еліндегі 2,6 миллион бала мен олардың отбасыларын және 131 спорт федерациясы мен қауымдастығын белсенді болуға, қозғалыстан ләззат алуға және өмірлік дағдыларды қызықты және көңілді түрде дамытуға шабыттандырды.
Белсенді болып өсу, бақытты болып өсу
Kinder Joy of moving бағдарламасы балаларды спортпен таныстыруға бағытталған білім беру және әлеуметтік құндылығы жоғары көптеген жобалардың арқасында бүкіл әлем бойынша балалардың өмірінде жиі кездеседі.
Сонымен қатар, жоба отбасылар мен мектеп әлеміне, балалар мен жастардың қозғалып, ойнай отырып білім алатын және өсетін орталарына бағытталған. Kinder Joy of moving шаралары балаларға, жастарға және олардың отбасыларына арналған, ал мұғалімдер мен тәрбиешілер техникалық жабдықтар мен арнайы білім беру бағдарламаларын пайдалана алады.
Kinder Joy of moving отбасылармен ынтымақтасады, өйткені олар тәрбиелік функцияның негізін құрайды. Балалардың үйде және ойын уақытында белсенді өмір сүруіне ықпал ету үшін тек олар үшін қызықты және ғылыми танылған дене шынықтыру ойындарын ұсынатын платформа жасалған.
Ferrero жергілікті қауымдастықтарға деген адалдығы
Біздің Kinder Joy of moving әлеуметтік жауапкершілік бағдарламамыз арқылы жергілікті қауымдастықтарға қосып отырған үлесіміз жұмыс жасайтын аумақтарымызда өзіміздің қағидаларымыз бен құндылықтарымызды ұстанып тұрақты қолдау көрсетуіміздің үлгісі болып табылады.
Kinder Joy of moving бүкіл әлем бойынша жоғары профильді, білікті және сарапшы серіктестермен, соның ішінде Спорт федерациялары мен қауымдастықтарымен, Олимпиада комитеттерімен және ISF, Халықаралық мектеп спорты федерациясымен бірлесе жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Kinder Joy of moving мекемелермен, университеттермен және министрліктермен жұмыс істейді және кейбір елдерде мектеп бағдарламасының бөлігі ретінде Joy of moving әдістемесін қамтитын арнайы жобаларды ұсынады.
Біз сондай-ақ бірдей құндылықтарды таратуға және бір мақсатқа жетуге тырысатын жеке компаниялармен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасамыз. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға арналған №4 және №17 Тұрақты даму мақсаттарындағы күн тәртібінің жетістіктерін қолдау үшін жасалынып отыр.
Мәселен, біз білім және әл-ауқат бастамалары арқылы жағдайы төмен отбасылардағы балалардың ойнау, білім алу және қауіпсіз ортада өсу құқықтарын қамтамасыз ету үшін АҚШ-тағы, Италиядағы және Канададағы «Save the Children» үкіметтік емес ұйымымен серіктестік құрдық.
Біз «Joy of moving» әдісіне негізделген ойындар мен шаралар ұйымдастырып, жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған балаларды Costa Cruises кемелеріне жинаймыз.
Kinder Joy of moving Park – бұл Италияның Vicolungo The Style Outlets сауда орталығында орналасқан отбасыларға арналған жаңа ұрпақ саябағы. Ол балаларға «көмектесетін ортаның» арқасында уақытты көңілді өткізу арқылы бірқатар дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді.
JOY OF MOVING: ИННОВАЦИЯЛЫҚ, ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕЛГЕН, ТӘРБИЕЛІК ӘДІС
ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ