Какао
КАКАО ЖЕТКІЗУШІСІН ТАҢДАУ ТӘСІЛІМІЗ
Какаоның қаныққан дәмінсіз біздің өнімдер қазіргідей болмас еді. Біздің какао жеткізілімі адамдардың игілігі үшін және табиғатқа қамқорлық жасау үшін какао саласының қалыптасуына ықпал етеді. Ferrero өнімдеріндегі барлық какао Rainforest Alliance, Cocoa Horizons немесе Fairtrade Foundation сияқты тәуелсіз басқарылатын тұрақты даму стандарттарына сәйкес жеткізіледі. Сонымен қатар, какао бұршақтары физикалық түрде фермаларда қадағаланатындықтан, бұл Ferrero Какао жарғымыздағы міндеттемелерімізге сәйкес жергілікті фермелер мен қауымдастықтарды қолдауға көмектеседі.
Какао өндіретін фермерлерді қолдау
Біз бүкіл әлемдегі фермерлерден жоғары сапалы какао бұршақтарын сатып аламыз, бірақ негізінен какао бұршақтарының әлемдік өндірісінің 65% -н құрайтын Кот-д'Ивуар мен Ганадан, сонымен қатар Нигерия, Камерун, Эквадор және Колумбия аламыз.
Көптеген фермерлер экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қиындықтарға тап болады. Какао бұршақтарын өсіретін екі миллион шағын фермердің көпшілігі Батыс Африкада тұрады. Олардың көпшілігі кедейлікте өмір сүреді және бұл басқа жүйелік мәселелердің, соның ішінде балалар мен мәжбүрлі еңбектің, ормандарды кесудің негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Ferrero фермерлерге өмір сүру жағдайларын жақсартуға көмектеседі.
Какаоны өсіру әдістерін жақсарту үшін оларға ауыл шаруашылықты экологиялық жүргізу әдістерін ендіруде қолдау көрсетеміз. Фермерлердің, қауымдастықтарының және осал топтардың өмір жағдайларын жақсарту үшін оларға табыс көздерін әртараптандыруға да көмектесеміз.
Ecuador
Ghana
Негізгі нәтижелер
• Біз сатып алатын барлық какао Rainforest Alliance, Cocoa Horizons, Fairtrade және т.б. сияқты халықаралық тәуелсіз тұрақтылық стандарттарына сәйкес сертификатталған.
• Біз 103 мектеп пен 49 мектеп асханасын салып, жөндедік.
• Ferrero үшін какао өсіретін фермерлік топтардың 99%-ында балалар еңбегін бақылау және салдарын түзету жүйесі (CLMRS) немесе балалар еңбегін пайдалану жағдайларын анықтайтын және жоятын ұқсас жүйелер ендірілген.
• Біз фермалар мен бақтардың орналасқан жерін, өлшемін және өнімділігін білу үшін картаға түсіру технологиясын қолданамыз.
• Біз фермерлерге бес миллионнан астам какао ағаштарын ұсындық.
• Біздің какао фермерлерінің шамамен 1/3 бөлігі фермерлік және бизнесті жоспарлау бойынша жеке оқытудан өтті.
• Біз 25 мыңнан астам адамға сабын жасау, ара шаруашылығы немесе құс шаруашылығы арқылы басқа табыс көздерін құруға қолдау көрсеттік.
2008 жылдан бері Ferrero компаниясы International Cocoa Initiative (ICI) ұйымының мүшесі болып табылады, бұл ұйым балаларға жарқын болашақты қамтамасыз етуге және Кот-д'Ивуар мен Ганада кәмелетке толмаған балаларды еңбекке тартуды жоюға бағытталған. Біз, сондай-ақ, Child Learning and Education Facility (CLEF) қорымен серіктеспіз, бұл өз кезегінде Кот-д'Ивуардың какао өсіретін аймақтарындағы алты миллионнан астам балаға сапалы білім алуына мүмкіндік туғызу мақсатында Кот д'Ивуар үкіметін, компаниялар мен қорларды бірге біріктіріп отыр. Біз сондай-ақ бұрыннан бері World Cocoa Foundation (WCF) қорының мүшесіміз.
Балалар құқықтарын қорғау
Ferrero өзінің жаһандық жеткізу тізбегінің барлық қатысушыларына қатысты адам құқықтарын сақтауға ықпал етеді, сонымен қатар балалар еңбегін пайдаланумен күреседі. Біз какао өсіретін қауымдастықтардағы балаларға білім алуға, дұрыс тамақтануға және таза ауыз суға қол жеткізу арқылы қолдау көрсетеміз.
Бас серіктестермен жұмыс істей отырып, біздің кешенді тәсіл үй шаруашылықтарын, аудандық, аймақтық және ұлттық іс-шараларды біріктіреді. Мақсатқа жету үшін 2021 жылы біз Save the Children үкіметтік емес ұйымымен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті қайта бастадық. Бұл серіктестік 5 жыл ішінде Кот-д'Ивуардағы 65 какао шығарушы аймақта 90 000 балалар мен ересек адамдарға пайда әкелді.
Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік өзгерістерді жүзеге асырудағы және балаларды қорғауды қамтамасыз етудегі әйелдердің маңызды рөлін ескере отырып, біздің қызметіміз негізінен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар, біз фермерлерді балалардың құқықтарына мұқият болуға шақырамыз, сонымен қатар балалар еңбегін пайдалану жағдайларын анықтауға және жоюға бағытталған Балалар еңбегінің салдарын бақылау және түзету (CLMRS) жүйелерін енгіземіз.

«Бала еңбегін пайдалану – батыс Африкадағы басты мәселе және оның түпкі себебі – кедейшілік және бастауыш білім мен ақпараттандырудың жетіспеушілігі. Осы мәселелерді басты мүдделі тараптармен біріге отырып шешу арқылы ғана біз балаларды қорғау, сапалы білімді және жасөсіпірімдер мен жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қауымдастықтар дамуының басты активтеріне айналдыра аламыз. Біз Ferrero компаниясымен жұмыс істеуге және компанияның тиісті қатысушылармен әріптесе отырып, какаоны әділ әрі тұрақты даму қағидаларына сай жеткізу тізбегіне өз үлесін қосуға деген ұмтылысын қолдауға қуаныштымыз. Барлық салынған күш-жігердің арқасында мыңдаған баланың өмірі айтарлықтай жақсарады деп сенеміз».
Даниэла Фатарелла, Save the Children ұйымының италиялық бөлімінің бас директоры

Какао өндіретін секторда орман кесуді тоқтату
Ferrero компаниясы какаоның қорғалған аймақтардан болмауына және ормандарды кесуге себепкер болмауына толықтай міндет алған.
Cocoa & Forests Initiative (CFI) бастамасының негізін қалаушылардың бірі ретінде біз басқа да әлемдік жетекші какао және шоколад өндіруші комппаниялармен және Кот-д'Ивуар мен Гана үкіметімен серіктесіп, ғаламдық какао жеткізу тізбегінде орман кесу мен ормандардың тозуын тоқтатуға міндеттенеміз. Біздің жетістіктеріміз жайлы жылдық Cocoa & Forests Initiative есебімізден оқи аласыз.
Ferrero компаниясында біз жеткізу тізбегіміз жоғары деңгейде бақылануы және көрінуі үшін жылдар бойы ерен еңбек атқардық. Біз фермалар мен егіс алқаптарын карталау технологиясын пайдаланып, олардың орналасу орнын, көлемін және өнімділігін біліп отырамыз.
Сонымен бірге біз қоршаған ортаны қорғауға және биоалуантүрлілікке, климаттық өзгерістің ықпалын шектеуге айтарлықтай көмектесетін бірқатар шараларды іске асырамыз. Мысалы, біз какао өндіруші фермерлерді ауыл шаруашылығын тиісті түрде жүргізуге үйретіп, көптеген мақсаттарға қолданылатын ағаштарды тарату және егуде, аграрлық орман жүйелерін дамытуға көмектесеміз.
Ашықтығымызды арттыру үшін біз ингредиенттер жеткізетін жеткізушілер мен арнайы фермер топтарының тізімін жыл сайын жариялаймыз.
Біздің халықаралық веб-сайттағы құжаттар мұрағатын пайдаланыңыз
ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ