Ferrero-дағы инклюзивтілік пен құрмет
Ferrero-да біз әр адамның қайталанбас даралығы компаниямызды одан әрі шыңдай түсетініне сенімдіміз. Біздің күшіміз - қызметкерлеріміздің дарынында, көзқарастарында және қызығушылықтарының әртүрлілігінде. Әркім ұжымға өзінің бағалы әрі ерекше үлесін қосады. Біз мұндай айырмашылықтарды шабыт көзі деп білеміз. Олар біздің инклюзивті мәдениетімізді дамытуға,шығармашылықты ынталандыруға және әртүрлі буын өкілдері жақсы көретін өнімдерді жасауға көмектеседі.
Біз әріптестерімізге де, бүкіл әлемдегі қоғамдастықтарға да шынайы қамқорлық танытатынымызды мақтан тұтамыз. Бұл терең жауапкершілік пен назар - біздің барлық ісіміздің негізі: қызметкерлердің жеке әрі кәсіби дамуын қолдаудан бастап, адалдық, сапа мен жауапкершілік принциптеріне негізделген инновацияларды енгізуге дейін.
Біздің өнімдеріміз де оларды жасайтын адамдар сияқты ерекше. Әркімнің қасиеттері мен ортақ құндылықтарымызды ұштастыра отырып, біз тұтынушыларымызға жоғары сапа, қуаныш пен ұмытылмас эмоциялар сыйлауды жалғастырамыз. Әрбір адам өз әлеуетін толық ашып,үздік қасиеттерін көрсете алатын жағдай жасай отырып, біз қызметкерлердің табысқа жетуіне және бірге ерекше дүниелерді өмірге әкелуге көмектесеміз
"Біз мақсатымызға жету үшін әрбір қызметкер өз бойындағы дарыны мен қасиеттерін толық көрсете алатын орта құру маңызды деп сенеміз. Сондықтан Ferrero жұмыс істейтін барлық елде біз сенім, құрмет, әртүрлілік пен тең мүмкіндіктер атмосферасын қалыптастырамыз. Мұнда әрбір қызметкер өзінің құнды екенін сезініп, өзін жан-жақты көрсете алады".
Джованни Ферреро, Ferrero International S.A. Президенті
БІЗДІҢ СТРАТЕГИЯ
Ferrero-дағы инклюзивтілік пен құрмет саласындағы стратегиямыз төрт негізгі бағытқа сүйенеді:
Деректер және өлшеу: біз қызметкерлеріміздің тәжірибесін тереңірек түсіну үшін деректерді талдаймыз және компанияның барлық бөлімшелерінде бірдей тәсілдерді қамтамасыз ететін бірыңғай жаһандық жүйені қолданамыз.
HR-процестер: біз қызметкердің Ferrero-дағы мансаптық жолының барлық кезеңінде тиісті құзыреттерді дамыта отырып, инклюзивтілік пен құрмет мәдениетін нығайтамыз.
Коммуникациялар және белсенділік: біз корпоративтік қарым-қатынаста инклюзивтілік пен құрмет принциптерін жүйелі түрде насихаттаймыз, сондай-ақ әрі қарай даму мүмкіндіктерін уақытылы анықтау үшін қызметкерлердің белсенділік деңгейін бақылап отырамыз.
Бизнестегі бірыңғай тәсіл: біз инклюзивтілік пен құрмет принциптерінің Ferrero тобындағы барлық компаниялар мен брендтерде көрініс табуын қамтамасыз етеміз және оларды бизнесті жүргізу стиліміздің ажырамас бөлігіне айналдырамыз.
Біздің бағыттарымыз
Біздің жаһандық бағыттарымыз Ferrero-ның инклюзивтілік пен сыйластық саласындағы стратегиясын іске асыруда ескерілетін адамдардың жеке ерекшеліктері мен тәжірибесінің әртүрлілігін көрсетеді.
Олар Ferrero Тобының Дискриминация мен алымсақтықтың алдын алу саясатында бекітілген қорғалатын сипаттамаларға негізделген және компания жұмыс істейтін елдердің ұлттық заңнамасы мен жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып қолданылады.
Бұл тәсіл бірыңғай жаһандық принциптерді әртүрлі аймақтардың мәдени, әлеуметтік және құқықтық ерекшеліктеріне деген құрметпен ұштастыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге тәжірибелеріміздің жүйелілігін және жергілікті қоғамдастықтар үшін өзектілігін қамтамасыз етеді.
Біздің команда
Ferrero-да инклюзивтілік пен құрмет саласындағы стратегияның іске асуын People Experience командасы үйлестіреді. Бұл жұмысқа мына мамандар тартылған:
- Инклюзивтілік пен құрмет мәселелері жөніндегі жаһандық менеджер: ол стратегияны Топ деңгейінде дамытуға және жылжытуға жауап береді.
- Өңірлік амбассадорлар: өз өңірлерінде бастамаларды насихаттайды, жергілікті жобаларды үйлестіреді және олардың жүзеге асуына қолдау көрсетеді.
- Жергілікті кеңестер мен қызметкерлер қоғамдастықтары: әріптестерге өз еркімен бастамаларға қатысуға, ақпараттану деңгейін арттыруға және инклюзивті жұмыс ортасын қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Ұлт өкілдері Ferrero-ның бүкіл әлемдегі қызметкерлері арасында бар
Ұлт өкілдері Люксембургтегі Casa Ferrero бас кеңсесінде жұмыс істейді
Компания қызметкерлерінің жалпы санындағы әйелдер үлесі
Бірінші деңгейдегі басшылық лауазымдардағы (Line Manager) әйелдер үлесі
ӨЗГЕРІСТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН СЕРІКТЕСТЕР
ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ