Жеткізушілерді таңдау тәсілі
ӨНІМДЕРІМІЗДІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАТҚАН ИНГРЕДИЕНТТЕРМЕН ТАНЫСУ
Ferrero компаниясында, біз сіз білетін әрі сүйетін әр брендтің құрамындағы ингредиенттерге орасан зор мән береміз. Біз ингредиенттерді жай ғана сатып алмаймыз – біз мұқият таңдаймыз, басқарамыз және бүкіл жеткізу тізбектерінде құндылық жасауға ұмтыламыз.
Өнімдеріміз жасалатын какао, пальма майы, орман жаңғақтары, қант, сүт және жұмыртқа сияқты шикізатты алу үшін біз жеткізушілермен ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа сүйеніп, олар біздің құндылықтарымызды түсінетініне, тәжірибе жасайтынына және қабылдайтынына көз жеткіземіз. Бақылау арқылы біз шикізаттың қалай шығарылатынын қадағалай аламыз.
«Sacco conosciuto» – «сөмкенің ішінде не бары екені белгілі» қағидасы компанияның ДНҚ-сында құрылған сәтінен бастап бар.
Қаланған сәтінен бастап Ferrero өнімді жасаудың әр қадамында ингредиенттерді тексеріп отыру үшін «sacco conosciuto» деп аталатын инновациялық процедураларды әзірледі. Сөзбе-сөз аударғанда « сөмкенің ішінде не бары екені белгілі» деген мағынан білдіретін мұқият іріктелген жеткізушілер мен фермерлер өсіріп алған біздің балғын сапалы ингредиенттерге деген назарымыз сапардың әр қадамында ингредиенттерді тексеруге деген міндетіміз бен қамқорлығымыз жайлы ақпарат беріп келеді. Бұған қоса, технология және жеткізушілермен тығыз серіктестік осы міндеттемемізді бүгінгінің ғаламдық жеткізу тізбегінде кеңейтуге мүмкіндік береді.
Біздің жетекші бақылау жүйеміз тиісті шикізатты шыққан тегіне дейін қадағалауға мүмкіндік береді. Ингредиенттеріміздің қай жақтан шыққанын білгенде ғана жеткізу тізбектеріне оң ықпал ете аламыз. Мысалы, пальма майы мен какао негізінен плантация немесе фермер деңгейіне дейін қадағаланса, ал сүт пен жұмыртқаның бақылау қабілеті жоғары, біз оны жақсартуды жалғастырамыз.
Біз мақсаттарымызды қолдау үшін инновациялық технологияларды пайдаланамыз. Мысалы, біз жеткізу тізбегін картаға түсіру және цифрлық ашықтық шешімдерінің жетекші провайдері, сондай-ақ какао, пальма майы және орман жаңғақтары сияқты шикізатті қадағалауды жақсартатын құрал Sourcemap компаниясымен серіктеспіз. Қосымша ақпараттың, деректердің және мониторингтің болуы бізге тұрақты өмір сүруді қолдауға және ормандарды кесу немесе балалар еңбегі сияқты қауіптердің алдын алуға көмектеседі.
Әрбір негізгі ингредиентке қатысты міндеттемелер
Біз какао, пальма майы, орман жаңғақтары немесе сүт сияқты барлық негізгі ингредиенттер үшін Тауар Жарғыларын шығардық. Бұл жарғыларда біздің жеткізушілер кодексі және кешенді құқықтық тексеру үрдісімен қатар жеткізушілерге сай келуі тиіс минималды талаптар, сондай-ақ сол санат үшін талап етілетін сертификаттар мен стандарттар баяндалған.
Сондай-ақ жарғыларда қабылданған әдістеме мен технологиялар көрсетіле отырып, біз ұмтылатын бақылау деңгейі қамтылған. Қорыта келе, жарғыларда біз үш жылдық жоспармен жария есеп беретін, жағдайларды одан әрі жақсарту үшін қабылдауға дайын міндеттемелеріміз көрсетілген.
Біз әр санатымызды тәуекел деңгейінің негізінде қорғаныс деңгейімен қамтамасыз етеміз:
1. Жеткізуші тәуекелін басқару және кешенді құқықтық тексеру. Барлық жеткізушілеріміз тәуекелді басқару рәсімдерінен, сондай-ақ кешенді құқықтық тексерудің ең аз деңгейіне сәйкестіктен өтеді.
2. Жеткізу тізбегінің ашықтығы. Жеткізушінің тәуекелін басқару бізге жеткізуші қызметін өлшеуге, жақсартуға және бағалауға мүмкіндік береді. Оған тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау, сәйкестікті қамтамасыз ету, жақсарту мен әлеуетті арттыру әрекеттері кіреді.
3. Стандарттар және сертификаттар Шикізат пен қаптау материалдары сияқты өнімдерге қатаң тұрақты даму стандарттарын қолданамыз. Мысалы, пальма майына арналған RSPO, какаоға - Rainforest Alliance және Fairtrade сияқты тәуелсіз стандарттар, таза қағазға - FSC және PEFC, немесе құрақ қантына - Bonsucro стандарты қолданылады.
4. Жағымсыз ықпалдарды жұмсарту бағдарламалары. Жоғары тәуекелді санаттар үшін стандарттарды жақсарту мақсатында жағымсыз ықпалдарды жұмсарту бағдарламаларына инвестициялаймыз.
Төрт қадамдық тәсіл:
Біз төрт сатылы тәсілді ұстанамыз - тәуекел неғұрлым жоғары болса, жеткізу тізбегін түсіну және қорғау деңгейі соғұрлым жоғары болуы керек.
Мықты құндылықтар
Ferrero – мықты құндылықтарға ие отбасылық компания. Біздің парызымыз - әділ, тұрақты даму қағидаларына сай және ашық жеткізу тізбегін жасау үшін жұмыс істеу және өнімдерімізді жабдықтайтын қауымдастықтарды қолдау. Біз тауарларды жай ғана сатып алмаймыз, біз жеткізу тізбегін құрып, олардың қызмет етіп тұруын қамтамасыз етеміз. Жеткізушілеріміз осы құндылықтарды түсінуі, қолдануы және қабылдауы үшін олармен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты дамытамыз.
ЕО-да ормандарды кесуді реттеуді қолдау
Ferrero жеткізу тізбегіне жағымды жүйелік әсерге қол жеткізу үшін ақылға қонымды шаралар кешенінің бөлігі ретінде негізгі компоненттермен байланысты ормандарды кесу мәселелерін шешу үшін құқықтық базаны қолдайды. Атап айтқанда, Ferrero ЕО-ның Ормандарды кесуге жатпайтын өнімдерге қатысты ережесін және оны жүзеге асыруды жақтайды, өйткені ол құн тізбегі субъектілеріне заңды сенімділік пен қадағалау, есеп беру талаптары бойынша ұсыныстар беру үшін үйлестірілген негіз болып табылады, сонымен бірге тиісті тексеру талаптарына негізделген тең ойын шарттарын қамтамасыз етеді.

«Біздің тәсіліміз мұқият кешенді құқықтық тексеруге, жеткізушіні басқаруға, бақылау мен ашықтық, сертификаттау мен стандарттар, серіктестік пен әріптестік негізінде құрылған. Ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды құру және жеткізу тізбегінің ашықтығы біздің мәдениетте тереңінен тамырын жайған». Никола Соменци, Ferrero компаниясының Жеткізушілерді жауапкершілікпен таңдау бөлімінің басшысы
ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ