FERRERO ТОБЫНЫҢ 2024 ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЕСЕБІ ИННОВАЦИЯЛАРҒА ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛІЛІККЕ АДАЛДЫҒЫН КӨРСЕТЕДІ
Ferrero тобы өзінің 16-шы тұрақты даму жөніндегі есебін ұсынып, тұрақты даму саласындағы соңғы жетістіктерін жариялады.
Топтың бүкіл құн тізбегіне оң әсер етуге деген тұрақты ұмтылысына сүйене отырып, есеп тұрақты дамудың негізгі бағыттарында айтарлықтай ілгерілеуді көрсетеді.
«Тұрақты даму Ferrero-ның ұзақ мерзімді стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол бизнестің тұрақтылығының негізгі факторы саналады және біз өз дамуымызға жауапкершілікпен қарайтындықтан, қабылдайтын шешімдерімізді айқындайды. Климаттың өзгеруі сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында біздің ұстанымымыз өзгеріссіз қалады: шикізатты жауапкершілікпен сатып алу, инновацияларды батыл енгізу және болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау. Бұл ілгерілеу ұжымдық әрекеттердің, инновацияларды пайдаланудың, зерттеулер мен әзірлемелердің, сондай-ақ нақты нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибені үздіксіз меңгерудің арқасында мүмкін болды», – деп атап өтті Ferrero Тобының директорлар кеңесінің төрағасы Джованни Ферреро.
«2023/2024 қаржы жылы ішінде біз тұрақты даму бағдарламамызды іске асыруда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткіздік. Қабылданған ұзақ мерзімді міндеттемелерімізді орындаудағы тұрақтылығымызды ерекше мақтанышпен атап өткім келеді. Біз бүкіл компания деңгейінде сенімді қаржылық басқаруды сақтай отырып, тұрақты даму жолында табысты ілгерілеп келеміз. Негізгі ингредиенттерімізді қадағалауға және жалпы алғанда бүкіл жеткізу тізбегінің бақылауын жақсартуға көп күш жұмсап жатырмыз. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттемелерімізді дәйекті түрде орындап, бүкіл бизнесімізді декарбонизациялау шараларын жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз», – деді Ferrero тобының бас директоры Лапо Чивилетти.
Ferrero-ның соңғы тұрақты даму есебінде жаһандық жеткізу тізбектерінде қадағалауды қамтамасыз етудегі одан әрі ілгерілеу атап өтілді: негізгі ингредиенттердің 90%-дан астамы қазіргі уақытта тікелей жеткізуші фермаға дейін қадағаланады. Sourcemap және Starling компанияларымен стратегиялық серіктестік қадағалау дәлдігін арттыруға ықпал етуде: какао мен пальма майының қадағалану деңгейі 97%-ға, ал жаңғақтардіікі – 94%-ға жетті.
Ferrero компаниясы 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларын екі есе қысқарту мақсатына жету жолында айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді; 2017/18 жылдардағы базалық деңгеймен салыстырғанда қазірдің өзінде едәуір қысқарту жүзеге асырылды.
- Scope 1 және 2 шеңберіндегі шығарындылар 21,7%-ға қысқартылды.
- Scope 3 аясында FLAG санатына (орман, жер және ауыл шаруашылығы) жататын шығарындылар мен FLAG санатына кірмейтін шығарындылар бөлінді. Оның себебі, көміртек шығарындыларын есепке алуды жақсарту, деректердің сенімділігі мен дәлдігін арттыру.
- Өндіріс пен қойма ғимараттарының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын электр энергиясының 90%-ы қазіргі уақытта жаңартылатын көздерден алынады.
Қазіргі уақытта Ferrero қаптамасының 92,1%-ы қайта өңдеуге жарамды. Осыған байланысты компания қаптамасының 90%-дан астамын қайта пайдалану, өңдеу немесе компост жасауға жарамды ету жөніндегі өз міндеттемесін растады.
Бастапқы пластик өндірісін азайтуда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілді, соның ішінде пластиктің өнімге шаққандағы үлесі 13%-ға қысқарды. Бұған Солтүстік Америка мен Қытайда Ferrero Rocher қораптарын полистиролдан полипропиленге ауыстыру да кіреді, бұл шамамен 11 мың тонна пластикті үнемдеуге мүмкіндік берді деп бағаланады.
Сонымен қатар, басқа да маңызды оқиғалардың қатарында – 60%-ы қайта өңделген шыныдан жасалған Nutella банкаларының шығарылуы және қағаздан жасалған Kinder Joy қасықтарының енгізілуі бар.
Сонымен қатар, Ferrero-ның тұрақты даму есебінде мыналар атап өтілген:
Азық-түлік қауіпсіздігі және сапасы: Ferrero зауыттарының 100% Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі бастамасы (GFSI) стандартына сәйкес сертификатталған.
Жауапты тұтыну: нақты белгіленген порция өлшемдеріне ерекше назар аударылды. Нарықтағы ұсынылған порциялардың 85%-ында 130 ккал-дан аспайды, 63%-ында – 100 ккал-дан аспайды, ал 91%-ында бір порциядағы калория мөлшері 150 ккал-дан төмен болды.
Адамдарға қамқорлық:
- Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) және Save the Children сияқты халықаралық және жергілікті ұйымдармен ұзақ мерзімді әріптестік Ferrero-ға шикізат жеткізуші елдердегі қауымдастықтарға тұрақты оң әсер етуге мүмкіндік береді.
- Kinder Joy of moving бағдарламасы 35 елде 3,7 миллионнан астам баланы қамтыды, ал бағдарламаға салынған инвестиция көлемі 13 млн еуродан асты. 2024 жылы Ferrero Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы балалар, жасөспірімдер мен әйелдер үшін спорт пен дене белсенділігі арқылы интеграцияны, теңдікті және құқықтарға қолжетімділікті ілгерілету мақсатында Америка мемлекеттері ұйымымен (АМҰ) серіктестік туралы келісім жасасты.
Толығырақ ақпарат алу үшін толық тұрақты даму есебімен танысуыңызды сұраймыз.